Презентация, доклад на тему Педагогтың кәсіби мәдениет зтикасы Презентация

Педагогтың кәсіби мәдениет зтикасы Презентация, предмет презентации:Педагогика . Эта презентация содержит 42 слайдов, для просмотра воспользуйтесь проигрывателем. Информативные слайды и изображения помогут Вам заинтересовать аудиторию. Скачать презентацию на данную тему можно внизу страницы, поделившись ссылкой с помощью социальных кнопок. Также можно добавить наш сайт презентаций в закладки!

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Текст слайда:


Педагогтың кәсіби
мәдениет этикасы


Слайд 2
Текст слайда:

Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңы 2007 жылы 27 шілде №319

 51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға
міндетті


Слайд 3
Текст слайда:

Этика



Әдеп мәдениетін
теориялық тұрғыдан
сараптайтын
философиялық
ұғым



Слайд 4
Текст слайда:

Педагогикалық әдеп дегеніміз не?


Слайд 5
Текст слайда:

Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.


Слайд 6
Текст слайда:

Педагогикалық
әдептіліктің көрсеткіштері


балаларды жақсы көру,
өзара сыйластық,
қолдау көрсету

өзін-өзі және
баланы құрметтеу

мейірімділік


Слайд 7
Текст слайда:



Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін
атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің
көрсеткіштері

кәсіпке, қоғамға
деген қарым-қатынас

Тәртіпті болу,
өзіне және балаларға
қаталдықпен
қарау

Эмоцияналдық
байсалдылық,
әдептілік


Ұжымдағы
әріптестермен
жақсы
қарым-қатынас


Слайд 8
Текст слайда:

Педагогтың өзінің алдына қойған
жоғарғы талаптардың көрсеткіштері

Әділ болу,
балалардың
бәрінің бірдей
екендігін
мойындау

Өзін-өзі
үзбей
жетілдіріп
тұру

Өз мінез
-құлықтарына
баға беру,
өзін-өзі сынау


Слайд 9
Текст слайда:

Педагогикалық әдеп

тілдесу, қарым-қатынас
жасау кезінде

сөйлесу икемділігінде

оқушылардың іс-әрекеттерін
ұйымдастыра алу икемділігінде

өзін-өзі ұстай алу және
талап ету икемділігінде


Слайд 10
Текст слайда:

Педагогикалық әдеп

ескерту
жасаған кезде

баланың
мінез-құлқына
баға берген кезде

дауыс
ырғағында

мадақтау
және жазалай білу
икемділігінде


Слайд 11
Текст слайда:


Педагогикалық әдептің ерекшеліктері

ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы,
іс-әрекетіндегі
өлшем

ықпал етудегі
және өзара әрекеттесудегі
әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі


Слайд 12
Текст слайда:

Әдептілік - педагогтың
мінез-құлығындағы ерекшелікке айналу керек


Слайд 13
Текст слайда:

Педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеру маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстанымы маңызды ма?


Слайд 14
Текст слайда:

«Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді».

К.Д.Ушинский


Слайд 15
Текст слайда:


Педагогикалық әдеп
– мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі

Педагогикалық шеберлік



Слайд 16
Текст слайда:

Педагогикалық шеберлік дегеніміз:

педагогтың пәнді жетік білуі
оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-
тәсілдерін міндетті түрде білуі
педагогтың өмірге деген
көзқарасы
педагогикалық әдеп


Слайд 17
Текст слайда:

Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері

Кәсіптік білім
Біліктілік
Дағды
Кәсіптік қабілет
Педагогикалық әдеп
Педагогикалық техника


Слайд 18
Текст слайда:

Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек?


Слайд 19
Текст слайда:

Педагогтың бойында болу керек қасиеттер:
(оқушылардың пайымдауы бойынша)

Мейірімділік
Балаларға деген шынайы махаббат
Эмоционалдық байсалдылық
Әділдік
Балаларға деген зейін
Қайырымдылық
Сергектік
Өмірді сүйгіштік
Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
Жігер


Слайд 20
Текст слайда:

Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер:
(оқушылардың пайымдауы бойынша)

Дөрекілік
Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау,
сыйламау
3. Әділетсіздік
4. Өзін-өзі ұстай білмеу
5. Әдепсіздік
6. Балаларға немқұрайлы қарау
7. Өзінің пәніне немқұрайлы қарау


Слайд 21
Текст слайда:

Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылады.


Слайд 22
Текст слайда:

«Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек».
Әл-Фараби



Слайд 23
Текст слайда:

Педагог пен оқушының жеке әлеуметтік-психологиялық өзара қарым-қатынасындағы педагогикалық әдептің алатын орны


Слайд 24
Текст слайда:

Қатынас жасау, тілдесу өнері

өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу
бақылай, қадағалай алу
назарды басқа жаққа аудара білу
тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін
түсіне білу және оны ескере білу
“жүзіне қарап оқи алу”
оқушылармен байланыс жасай алу




Слайд 25
Текст слайда:

Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас
жасаудың барлық түрлерін қолдану керек
(ақпарат алмасу, өзара әрекеттестікті
ұйымдастыру, баланың тұлғалық
қасиеттерін аша білу,
оған ықпал ету және т.б.)

Қарым-қатынас жасау арқылы шешетін
мәселеңізді айқын және нақты
тұжырымдап алыңыз

Қарым-қатынас жасаудың стратегиясы мен
әдіс, жолдарын ойластырып алыңыз,
баланың санасы мен мінез-құлқына ықпал
ететін әдістерді таңдап алыңыз


Слайд 26
Текст слайда:

Тәрбиеленушілермен қарым-қатыста
тілдесуді “тік”, жоғарыдан төменге
қарай емес (педагог баладан биік),
керісінше, “көлденең” (педагог пен оқушы
бірдей) дәрежесінде ұйымдастырған жөн

Балалармен қарым-қатынас жасауда
олардың көңіл-күйін түсінуге талпыныңыз,
сыныптағы климаттың кішкентай болса да
өзгерістеріне назар аударып тұрыңыз

Тәрбиеленушілермен қарым-қатынастағы
бастаманы өз қолыңызға алыңыз, есіңізде
болсын, өзіндік бастама оқушылармен
ынтымақтастықты жасауға Сізге көмектеседі


Слайд 27
Текст слайда:

Тілдесу кезінде өзіңізді еркін ұстаңыз,
ешқандай бөгеліп қалушылық,
бейберекет қозғалыс, бос күлкі болмау керек

Балалармен сөйлесуде белгілі бір
қалыпты ұстанудан алыс болыңыз:
өзіңізді өзіңіз ұстай білуде, оқушылардың
мінез-құлқына деген таптаурындық
қарсы шығуларда, алдын ала жасалынған
жоспар бойынша тілдесуде және т.б.

Кейбір оқушыларға деген келеңсіз
ойларыңызды, қарым-қатынасыңызды
көрсетпеуге тырысыңыз


Слайд 28
Текст слайда:

Оқушылармен қарым-қатынаста
мақтауды, мадақтауды,
қолдау көрсетуді, мақұлдауды
қолданыңыз

Оқушыларды ести және тыңдай
алу керек

Жиі-жиі күліп жүріңіз, күлкі балалармен
тілдесуге, қарым-қатынас жасауға
көмектеседі


Слайд 29
Текст слайда:

Бірінші сыныпта оқитын Айдын сабақтан кейін мұғалімнің үстеліне таянып: “Білесіз бе, мен Сізден кеңес алайын деп едім....” деп сөзін бастап еді, мұғалім: “Сен мұғалімнің алдында қалай тұрсың?” – деп ашуланады, содан кейін ғана: “Менен не сұрайын деп едің?” – “Жоқ, ешнәрсе” – деп Айдын түнере жауап береді де, сыныптан шығып кетеді.

Педагогикалық жағдайлар


Слайд 30
Текст слайда:

Жетінші сыныпта оқитын Айгүлге келген хат мұғалімнің қолына тиеді. “Төлегеннің түрі!” – деп, ұстаз хаттағы қателерді түзей бастайды. “Төлеген” сыныптан атып шығады да, мектепке келмей қояды.


Слайд 31
Текст слайда:


Педагогикалық техника - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені


Слайд 32
Текст слайда:


Педагогикалық техника - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені


Слайд 33
Текст слайда:

Педагогикалық техника дегеніміз:

дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі, интонация, сенім туғызуы);
жест және мимиканы, пантомимиканы қолдана білу икемділігі;
өзінің психикалық жағдайын – сезімдерін, көңіл-күйін - басқара алу икемділігі;
өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі (әлеуметтік перцепция).


Слайд 34
Текст слайда:

Педагогикалық техника педагог іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды

Педагогтың
киімі
эстетикалық
жағынан
әсерлі, әдемі,
жарасымды
болу керек


Педагогтың шаш
үлгісі де,
киген киімі де,
таққан
әшекейлері де
балаға ықпал ету
мақсатында
таңдалу керек

Педагогтың
жүзі жайдарлы,
қозғалыстары
жинақы болғаны
дұрыс.
Педагог
өзіне-өзі сенімді
болуы керек


Слайд 35
Текст слайда:

Сауалнама “Кекшілсің бе?”


Мақсаты: Бұл тест сіздің адамдармен қарым қатынастағы қаншалықты кек сақтауыңызды сынайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз проблемаңызды біреуге арттырып қоясыз ба әлде өзіңіз шешесіз бе?


Слайд 36
Текст слайда:

1. Сіз әдетте өзіңіздің проблемаларыңыз бен сәтсіздіктеріңізді әріптестеріңізге айтасыз ба?
А) жоқ, бұл маған көмектеспейді - 3
Б) иә, бірақ бәріне емес, өзіме жақын адамдарға ғана айтамын – 1
В) әр кез емес, әркімнің өз ісі бастан асады -2
2. Сіз өзіңіздің сәтсіз ісіңізге қатты қапаланасыз ба?
А) иә, өте қатты - 4
Б) жағдайға байланысты - 0
В) барлық сәтсіздіктің ерте ме, кеш пе соңы бар - 2
3. Сіз бір нәрсеге өте қатты ашулысыз. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?
А) ұнатқан ісімен айналасып кетемін - 0
Б) жақын достарыма барамын – 2
В) өзімді өзім аяп, үйде отырамын – 4
4. Жақын әріптесіңізбен ренжісіп қалдыңыз. Сіз не істейсіз?
А) үндемей қаламын - 3
Б) түсіндіруін талап етемін - 0
В) мені тындайтын адамға бәрін айтып саламын- 1


Слайд 37
Текст слайда:

5. Сіз бақытты сәтіңізде ...
А) мүлде еш жамандық туралы ойламаймын - 0
Б) бақыттың тез кететіні өкінішті - 3
В) өмірдің ащысы мен тұщысы бар екенін ұмытпаймын -5

6. Сіздің психологқа өз көз қарасыңыз?
А) оның көмегіне жүгінбегенді қалаймын – 4
Б) олар көп адамдарға көмек көрсетеді деп ойлаймын – 2
В) адам өз-өзіне көмек көрсете алады – 3
7. Тағдыр, сіздің ойыңызша ...
А) үнемі мені сынайды – 5
Б) маған әділ емес – 2
В) менің жағымда - 1
8. Сіз жақын әріптесіңізбен ренжісіп қалдыңыз. Уақыт өте, ашуыңыз тарқаған соң не істейсіз?
А) бізді байланыстырған жақсы сәттерді еске аламын - 1
Б) өшімді алуды естен шығармаймын – 2
В) оның жағымсыз қылықтарын қайта- қайта есіме ала беремін – 3


Слайд 38
Текст слайда:

7 – 15 ұпай, Сіз сәтсіздіктерді де, қиындықты да түсіне білесіз. Себебі өмірдің жақсыдан да жаманнан да тұратын білесіз. Ең бағалысы сіз өзіңізді аямайсыз. Сіздің ішкі жан дүниеңіз мақтауға тұрарлық.

16 – 26 ұпай, Сіз жиі өз өміріңізге налисыз. Өз проблемаңызды сыртқа шығаруға асығасыз. Сіз міндетті түрде өзіңізді біреудің аяғанын қалайсыз.

27 – 36 ұпай, Сіз өз сәтсіздіктеріңізбен күресе алмайсыз. Сондықтан да сәтсіздіктер сізде жиі кездеседі. Мұндай жағдай тек қана сізде емес. Қиын сәтте жақсы нәрсені ойлауға тырысыңыз


Слайд 39
Текст слайда:


“Ұстаздарға жаднама”
1.Мұғалімнің биік те, абзал атына  лайық болыңыздар. Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар.
Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!


Слайд 40
Текст слайда:

2.Оқушыларды сыйлаңыздар . Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар – намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты сақтаңыздар. Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере алмайды.


Слайд 41
Текст слайда:

3.Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер.Оқушылар сіздердің мұғалім, тәлімгер, үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп құқыққа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің оқушылармен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймыз,бірақ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.


Слайд 42
Текст слайда:

Зейін қойып
тыңдағандарыңыз үшін
үлкен рахмет!


Что такое findslide.ru?

FindSlide.ru - это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть